20/10/2026
Құрылтайда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі заңнамалық шаралар талқыланды
2026 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Құрылтайының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарау жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті.
Отырыс жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің мүшесі Бекжан Мухидинович Алимкуловтың төрағалығымен өтті. Талқылауға Құрылтай депутаттары мен сарапшылары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және энергия сервистік компаниялардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған өзгерістер қаралды. Мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға, энергия үнемдеуді ынталандыру тетіктерін дамытуға және энергия ресурстарын ұтымды пайдалануға жағдай жасауға ерекше назар аударылды.
Заң жобаларына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаттары Б.А. Смағұлов, А.К. Калыков, М.З. Искандиров және С.М. Пономарёв бастамашылық жасаған. Олардың негізгі мақсаты - елдің жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығын төмендету және энергия ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру.
Жұмыс тобы аясындағы талқылау мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және бизнес өкілдерінің ұстанымдарын ескере отырып, ұсынылған нормаларды пысықтауға бағытталған.
__________
В Курултае обсудили законодательные меры по энергосбережению и повышению энергоэффективности
20 октября 2026 года состоялось третье заседание рабочей группы Курултая Республики Казахстан по рассмотрению проектов законов «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам энергосбережения и повышения энергоэффективности» и «О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам энергосбережения и повышения энергоэффективности».
Заседание прошло под председательством руководителя рабочей группы, члена Комитета по экономической политике, промышленности и энергетике Курултая Республики Казахстан Бекжана Мухидиновича Алимкулова. В обсуждении приняли участие депутаты и эксперты Курултая, представители государственных органов, НПП РК «Атамекен» и энергосервисных компаний.
В ходе заседания рассмотрены предлагаемые изменения, направленные на совершенствование государственной политики в области энергосбережения и повышения энергоэффективности. Особое внимание уделено повышению эффективности государственного контроля, развитию механизмов стимулирования энергосбережения и созданию условий для рационального использования энергетических ресурсов.
Законопроекты инициированы депутатами Мажилиса Парламента Республики Казахстан VIII созыва Б.А. Смагуловым, А.К. Калыковым, М.З. Искандировым и С.М. Пономарёвым. Их основная цель - снижение энергоёмкости валового внутреннего продукта страны и повышение эффективности использования энергетических ресурсов.
Обсуждение в рамках рабочей группы направлено на проработку предлагаемых норм с учётом позиций государственных органов, экспертного сообщества и представителей бизнеса.
__________
Kuryltai discusses legislative measures on energy conservation and energy efficiency
On 20 October 2026, the Kuryltai of the Republic of Kazakhstan held the third meeting of its working group reviewing the draft laws “On Amendments and Additions to Certain Legislative Acts of the Republic of Kazakhstan on Energy Conservation and Energy Efficiency Improvement” and “On Amendments and Additions to the Code of the Republic of Kazakhstan on Administrative Offences on Energy Conservation and Energy Efficiency Improvement.”
The meeting was chaired by Bekzhan Mukhidinovich Alimkulov, Head of the Working Group and a member of the Kurultai Committee on Economic Policy, Industry and Energy. Participants included Kurultai deputies and experts, representatives of government agencies, the National Chamber of Entrepreneurs of the Republic of Kazakhstan "Atameken", and energy service companies.
The discussion focused on proposed amendments aimed at improving state policy on energy conservation and energy efficiency. Particular attention was paid to strengthening state oversight, developing incentives for energy conservation, and creating conditions for the efficient use of energy resources.
The draft laws were initiated by B.A. Smagulov, A.K. Kalykov, M.Z. Iskandirov and S.M. Ponomaryov, deputies of the eighth convocation of the Mazhilis of the Parliament of the Republic of Kazakhstan. Their main objective is to reduce the energy intensity of the country’s gross domestic product and improve the efficiency of energy resource use.
The working group’s discussions aim to refine the proposed provisions, taking into account the views of government agencies, the expert community and business representatives.